НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Бирмингем турнирінде әлемнің 1-ракеткасы, жапониялық Наоми Осаканы ұтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Әлемдік рейтингте 43-орында тұрған қазақстандық спортшы қарсыласын екі партияда қапы қалдырды.
Бірінші сет 6:2 есебімен бітсе, екіншісі 6:3-пен тәмамдалды. Бәсеке 1 сағат 7 минутқа созылды.
Путинцева Осаканы өзара кездесуде осымен екінші рет жеңіп отыр.
Қазақстандық теннисші жүлде қоры 1 млн АҚШ долларынан асатын турнирдің жартылай финалына шығу үшін осы жарыстың сегізінші, әлемнің 19-ракеткасы, германиялық Юлия Гергес немесе рейтингте 76-сатыдағы ресейлік Евгения Родинаның біреуімен таласады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Юлия Путинцеваның Бирмингемде әлемнің 1-ракеткасымен кездесетінін, ал Михаил Кукушкиннің Лондон жарысын ерте аяқтағанын жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).