Бирмингемдегі кіші паркте 60 000 адам Айт намазын оқыды
21:18, 18 Шілде 2015
АСТАНА. ҚазАқпарат - Британияның Бирмингем қалашығындағы «Heath» кіші паркіне осыдан үш жыл бұрын бірнеше мың мұсылман жиналуды бастаған. Ал, 17 шілде күні оқылған биылғы Айт намазына 60 мың адам жиналды, деп хабарлады independent.co.uk.
Былтыр шамамен 44 мың адам құлшылық етуге жиналғандығы хабарланған болатын. Алайда, бұл жолы олардың қатары одан да көп болды.