Гүлжанар Сазанбайқызы «Алдараспан» театрының негізін Нұржан Төлендиевпен бірге қалаған. ОҚО әзіл-сықақ және сатира театрында да қолтаңбасын қалдырып үлгерді. Сонымен қатар, бірнеше телевизиялық жобаларға түсіп, «Шаншар», «Шымкент-шоу» әзіл-сықақ театрларында да өнер көрсетті. Оралхан Бөкей атындағы көркем сөз оқу байқауының бас жүлде иегері. Облыстық «Қазақстан-Шымкент» телеарнасында бірнеше жыл тележүргізуші болып қызмет атқарды.
«Бүгін Оңтүстік шоқ жұлдызы, өнерлі де, талантты қызы Гүлжанардан айрылып қалды. Қанша мадақтасақ та жарасатын, ақылды да парасатты Гүлжанарымыз биыл тұрмысқа шығып, ана болуға дайындалып жүрген еді. Бәрімізге де ауыр тиді бұл қаза, жаның жаннатта болсын деуден басқа амалымыз жоқ» - деп жазды актрисаның әріптесі Айнұр Ақбаева Фейсбуктегі жеке парақшасында.
Актрисаның туған-туыстарына қайғырып көңіл айтамыз.
13:29, 18 Наурыз 2016
Бірнеше әзіл-сықақ театрында өнер көрсеткен танымал актриса дүниеден озды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Актриса Гүлжанар Сазанбайқызы дүниеден озды, деп хабарлайды Baistars.kz.