Бұл туралы бүгін Алматыда өткен «Исламдық қаржы бойынша халықаралық отырыс: оңтайлы жағдайлар жасау» деп аталатын алқалы жиынның жұмысын қорытындылауға арналған баспасөз мәслихатында айтылды.
«Онда негізгі ережелер мен біздің негізгі әріптестеріміз анықталады. Олар ҚР Қаржы министрлігі мен ҚР Ұлттық банкі болмақ. Сондай-ақ Қазақстанда исламдық қаржыландыру секторын дамытуда нақты қандай көмек көрсететінімізді белгілейміз», - дейді Ислам даму банкініңӨнеркәсіп департаментініңИсламдық қаржылық қызмет менеджері Хасеб Сиддики. Оның айтуынша, исламдық қаржыландыруды дамытудың әлеуеті Қазақстанда мол. Қазіргі басты мәселе - тек оның сәулеттік құрылысының басты бағыттарын айқындау. Бұл бағытта ел үкіметі 2009 жылдан бері көп жұмыстар жасады. Жалпы исламдық қаржыландыру секторын қалыптастырып, дамыту біртіндеп жүзеге асатын шаруа. Бұл үдеріс кейбір елдерде 25-30 жылға дейін созылды. Оның Қазақстандағы даму қозғалысы көңіл қуантарлық деңгейде. Мұнда қысқа уақыттың ішінде бірқатар жетістіктерге қол жеткізіліп отыр.