«Алматы қаласының полиция қызметкерлерінің кешенді жедел-іздестіру шаралары барысында Жамбыл облысының Шу қаласында 20 жастағы жергілікті тұрғын ұстады. Ол ағымдағы жылдың наурыз-қазан айлары аралығында Алматы қаласының бірнеше аудандарында бірқатар шабуыл, тонау және қыздарды зорлау кылмыстарын жасағаны үшін күдікті болып отыр», - деді ресми өкіл.
Оның айтуына қарағанда, күдікті өз құрбанын таңдап, соңынан бірнеше күн аңдыған. Үйде жалғыз қалған сәттерін пайдаланып, пәтерлеріне басып кірген. Содан кейін олардың ақшаларын, бағалы заттар мен тұрмыстық техникаларын иемденіп, кейбір жағдайларда жәбірленушілерді зорлаған.
«Қазіргі уақытта ұсталған азаматтың 5 қарақшылық шабуылға, 12 тонауға және 5 зорлау қылмысына қатысы бары тексерілуде», - деді Қ.Жұманов.