«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, күн райының күрт нашарлауына байланысты еліміздің бірнеше аймағында көліктің барлық түрлері үшін қозғалыс шектелді.
Ақмола облысы:
11 наурыз сағат 13.00-де «Жезқазған – Петропавл» автожолының 377-440 шақырым аралығы
Ақтөбе облысы:
11 наурыз сағат 11.00-де «Самара-Шымкент», 776-1240 шақырым аралығы.
11 наурыз сағат 13.00-де «Қарабұтақ-Комсомольское-Денисовка-Рудный-Қостанай» а/ж жүк және автокөліктің қоғамдық түрлері үшін 0-234 шақырымдар аралығы.
БҚО:
11 наурыз сағат 13.00-де Қостанай облысында ауа райының нашарлауына байланысты «Жезқазған-Петропавл» а/ж 137-252 шақырымдар аралығы.
Қостанай облысы:
11 наурыз сағат 13.00-де ауа райының нашарлауына байланысты (боран, көрінуді шектеу) автокөліктердің барлық түрлері үшін а/ж қозғалысына шектеу енгізілді:
1. «Жезқазған-Петропавл» 252-377 шақырым аралығы.
2. «Қарабұтақ-Комсомольское-Денисовка-Рудный-Қостанай» 234-262 шақырым аралығы.
Қызылорда облысы:
11 наурыз сағат 11.00-де (елорда уақыты бойынша) ауа райының нашарлауына байланысты «Самара-Шымкент» тас жолының 1240-1357 шақырымында автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалыс шектелді.
«Азаматтарды ауа-райы болжамын жіті бақылап, алыс сапарға шықпауға шақырамыз. Штаттан тыс жағдай туындаса, жүргізушілер мен жолаушылар 1403 нөмірі бойынша ҚазАвтоЖол ҰК АҚ-ның тәулік бойы жұмыс жасайтын call-орталығына хабарласуы қажет» - деп жазылған ресми мәліметте.