БАҚ осыған дейін SCAT авиакомпаниясының ұшағымен 200 жолаушы бірнеше сағатқа шегерілген рейске бола Алматыға ұша алмай отырғанын хабарлаған болатын. Бұған Санья қаласындағы әуежайда ұшақтардың ұшуының шектелуі себеп болған.
SCAT авиакомпаниясының клиенттерді қолдау орталығы көп өтпей Санья-Алматы бағытындағы рейс жолаушылары елге қарай ұшып шыққанын жариялады. Жолаушылар Алматығы сағат түнгі он екілер шамасында жетеді.