«Бұл ғылыми орталық көп уақытан бері жұмыс істеп келеді. Содан бері онда аса қауіпті инфекциялардың штаммдары сақталып келеді. Америкалық әріптестердің көмегімен қауіпсіздігі жоғары заманауи зертхана салынды. Енді бұл штаммдар қауіпсіздік шаралары қатаң ұстанатын жерде сақталуда», - деді министр Орталық коммуникациялар қызметінде.
Осы орайда ол менингит халық арасында таралып жүрген күнделік штамм екенін атап өтті.
«Олар осы референс-зертханада сақтауға жататын аса қауіпті санатқа енбейді. Аталған референс-зертханадан аурудың таралуы болған емес», - деді ведомство басшысы тілшілер сауалына жауап бере отырып.
Айта кетейік, ағымдағы жылы минингитке шалдығу жағдайларының басым бөлігі Алматыда тіркелді.
Жалпы, жыл басынан бері Қазақстанда менингит инфекциясын жұқтырған 58 науқас тіркелді. Олардың 18-і 14 жасқа дейінгі балалар. Биылдан бастап аталған дерттен 12 адам көз жұмды.