Біртұтас экономикалық кеңістікте жаңа басқару органдары құрылады - Өмірзақ Шөкеев
17:28, 23 Қыркүйек 2011
МАТЫ. 23 қыркүйек. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Кедендік одақ Комиссиясына 17 келісімшарт бойынша 100 шақты уәкілетті қызметтер берілетін болады. Оны ҚР Премьер-министрінің 1-орынбасары Өмірзақ Шөкеев бүгін Алматыда ҚР Үкімет басшысы Кәрім Мәсімовтің Кеден одағы елдерінің вице-премьерлерімен болған кездесуі кезінде айтты.
«Біртұтас экономикалық кеңістікте жаңа басқару органдары құрылады. Мәселен, Кедендік одақтың шеңберінде Ресейде 57 пайыз дауыс, Беларусь пен Қазақстанда 21,5 пайыздан дауыс болатын. Бұл кеңістікке өткеннен кейін оны қайта қарау керек деген Қазақстанның ұстанымы болды. Қазір біршама келісімге келдік», - дейді Ө.Шөкеев. Оның айтуынша, тәуелсіз саясатымызға байланысты сұрақтардың бәрі енді конценсус арқылы шешіледі. Мәселен, техникалық мәселелер тарифтер мен экономикалық сауда-саттық дауыс беру арқылы шешілетін болады. Кедендік одақ Комиссиясында барлық сұрақтар бөлініп қайсысы техникалық әдістермен, қайсысы конценсус арқыл шешілетіні жеке-жеке анықталмақ.