электр және жылу желілерінің жұмысындағы технологиялық бұзушылықтарға тексеру жүргізу және оларды есепке алу қағидалары бекітілді.
ҚазАқпарат құжаттың мәтінін таратады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы
2012 жылғы 24 қазан №1345 Астана, Үкімет Үйі
Біртұтас электр энергетикасы жүйесінің, электр станцияларының, аудандық қазандықтардың, электр және жылу желілерінің жұмысындағы технологиялық бұзушылықтарға тексеру жүргізу және оларды есепке алу қағидаларын бекіту туралы
«Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 4-бабының 29) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Біртұтас электр энергетикасы жүйесінің, электр станцияларының, аудандық қазандықтардың, электр және жылу желілерінің жұмысындағы технологиялық бұзушылықтарға тексеру жүргізу және оларды есепке алу қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С.АХМЕТОВ.