«Бірыңғай экономикалық кеңістікте қазақстандық кәсіпкерлердің қызметіне кең мүмкіндіктер ашылып отыр. Оның ішінде, біз бұған дейін ешқашан шешімін таппай келген мәселелер тұрғысында оның оң шешімін жасап отырмыз»,-деп атап өтті К. Мәсімов.
Үкімет басшысы осы орайда Ресей және Беларус аумағы бойынша теміржол тасымалына еркін түрде қол жеткізу және кәсіпкерлік мүмкіндіктерін арттыратын басқа да мәселелер ескерілгенін жеткізді.
«Әсіресе, бұл экспорттаушылар үшін өте үлкен мүмкіндік. Енді осыны дұрыс пайдалана білу керек»,-деді Премьер-Министр.
Осы тұрғыда Үкімет басшысы еліміздің кәсіпкерлері өздерінің құқықтары мен мүмкіндіктерін тиянақты түсіне білгендері маңызды екенін айтты. «Себебі, қазіргі кезде келісімдер ауызша түрде қарастырылды. Ал қарашаның соңына қарай бұл мәселелер жазбаша түрде енеді. Сондай-ақ желтоқсанның аяғына қарай бұл келісімдер бекітілген заң жобалары түрінде болады»,-деп атап өтті Үкімет басшысы.