Бірыңғай экономикалық кеңістік қалыптастыру, капитал мен жұмыс күшінің еркін қозғалысына мүмкіндік туғызады - Индустрия және сауда вице-министрі

None
rong> Қазанның 28-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Қазақстан осы уақытқа дейін  Ресейге 1,1 миллиард доллар инвестиция салды.

Бұл жайлы  бүгін Алматыдағы  Кеден одағын құру үдерісін талқылауға арналған  дөңгелек үстел жиынында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

   «Кеден одағы 2010 жылы  Қазақстан, Ресей және Беларус  мемлекеттері арасында құрылады. Қазіргі таңда елімізде Ресей  капиталының қатысуымен бірлескен   3,5 мыңға жуық және  Беларус капиталының қатысуымен  70 кәсіпорын жұмыс жасап жатыр. Сондай-ақ Ресейден - 2,9 миллиард доллар, Беларустан 6 миллион доллар инвестиция тартылды. Ал Қазақстан тарапынан Ресейге - 1,1 миллиард доллар, Беларусқа 6,1 миллион доллар инвестиция салынды», дейді Индустрия және сауда вице-министрі Жанар Айтжанова.

 Ж. Айтжанованың  айтуынша, ол  өндірісшілерге бірыңғай ойын тәртібі мен  бірыңғай бәсекелестік қағидаларымен жүруге және  инфрақұрылымдарға тең дәрежеде қатысуға жол ашады. Бірыңғай экономикалық кеңістік қалыптастыру тауар ғана емес, капитал мен жұмыс күшінің де еркін қозғалысына мүмкіндік береді.