В. Кругляков әңгіме БМЕ-ден математиканы мүлдем алып тастау емес, тек сол емтиханды тапсыру үшін міндетті пәндердің ішінен алып тастау туралы болып отыр, дейді.
Қазіргі уақытта Ресейдің 11 сынып оқушылары үшін БМЕ тапсыруда міндетті пәнге орыс тілі мен математика жатады. Депутат кейбір ЖОО-ға түсу үшін математика қажетті пәнге жатпайтынын, ал орыс тілі барлық жерде талап етілетінін алға тартады. Сондай-ақ, математика 9-сынып оқушыларының мемлекеттік қорытынды аттестаттаудан өтуі үшін міндетті пән болып табылады, бұл ереже сол күйінде қала бермек.
В.Кругляков 2013 жылы 67 түлектің аталмыш екі пәннің сынағынан сүрінгенін, орыс тілінен - 20, математикадан - 507 түлек емтиханды тапсыра алмағанын айтты.