«Өздеріңіз білесіздер, еліміздің оңтүстік өңірлері газ бен электр энергиясында тапшылығы бар аймақ. Осы орайда батыс өңірден газ, солтүстік өңірден электр энергиясы келеді. Бұл тұрғыда бірыңғай тарифті біріктіруге тоқталсақ, бұл мәселе өңірлердің жағдайына байланысты. Әрбір өңірдің экономикалық құрылымы қазіргі бағаға орай сәйкестендірілген. Дәл қазір бірыңғай тариф жасасақ, кейбір өңірде тариф төмендесе, ал кейбірінде көтеріледі. Жалпы, бұның ықпалы қандай болады? Сондықтан осы бағытта есептеулер жүргізу керек», - деп тоқталды Жұманғарин.
Оның сөзіне қарағанда, бүгінде бірыңғай тарифке қатысты ұсыныстар түсуде. Үкіметте ұсыныстар аясында тиісті есептеулер жүріп жатыр.
«Біз алдымен есептеулерді аяқтайық. Соның нәтижесінде қабылданған шешімге орай ақпарат беретін боламыз», - деді вице-министр тілшілерге берген жауабында.