Бірыңғай үйлестіру кеңесі «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасының жүзеге асырылуы барысын саралады

None
АСТАНА. Маусымның 23-і. ҚазАқпарат - Үкімет үйінде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов ҚР Үкіметі жанындағы кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі бірыңғай үйлестіру кеңесінің отырысын өткізді.

Маусымның 22-сі, сейсенбі күні өткен отырыс барысында Бірыңғай үйлестіру кеңесінің мүшелері «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының жүзеге асырылу барысын қарады, деп хабарлайды ҚР Премьерінің баспасөз қызметі.

Бағдарламаның жүзеге асырылуындағы өзекті мәселелерді талқылауға ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Өмірзақ Шөкеев, вице-премьер Ербол Орынбаев, Экономикалық дамужәне саудаминистрі Жанар Айтжанова, ҚР Қаржы министрі Б.Жәмішев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Гүлжан Қарағұсова, «Атамекен» Одағы» Қазақстан ұлттық экономикалық палата басқармасының төрағасы АзатПеруашев, «Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы» директорлар кеңесiнiң төрағасы Серiк Аханов, Қазақстан кәсіпкерлер форумының президенті Райымбек Баталов, «Ракурс» экономикалық сараптама орталығының директоры Ораз Жандосов, кәсіпкер Нұрлан Ысмағұлов, сондай-ақ бірқатар екінші деңгейлі банк пен салалы бизнес қоғамдастықтардың өкілдері қатысты.

Экономикалық дамужәне саудаминистрі Жанар Айтжанованың ақпараты бойынша, бүгінгі таңда екінші деңгейлі банктер жалпы сомасы 194 млрд. теңге көлемінде несие алу үшін кәсіпкерлерден келіп түскен 452 өтінімді қарастырып жатыр, соның ішінде жаңа бизнес бастамаларды қолдау үшін (22,6 млрд. теңге көлемінде 37 өтінім), кәсіпкерлердің сауықтыру секторы үшін (151,2 млрд. теңге көлемінде 402 өтінім) , экспортқа шығарылатын өнімді қолдау үшін берілген өтінімдер (20,3 млрд. теңге көлемінде 13 өтінім) бар.

Еліміздің барлық облыстарында ҚР ЭДСМ, «Даму» қоры және өңірлік үйлестіру кеңестерінің мамандары кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау бағдарламасын нақты жүзеге асыру бойынша түсіндіру жұмыстарын жалғастыруда. Кәсіпкерлермен және БСУ өкілдерімен кездесу барысында «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасын іске асырудың барлық мәселелері талқыланады.