Биржада доллар бағамы 3 теңгеге қымбаттады

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы қымбаттады. 

Фото: pixabay

Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 3,44 теңгеге өсіп, 467,63 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы – 463,91 теңге.

Kurs.kz мәліметіне сәйкес, елорданың ақша айырбастау орындарында:

– доллар 466,00 теңгеден сатып алынады, 473,00 теңгеден сатылады;

– еуро: сатып алу – 544,97 теңге, сату – 555,00 теңге;

– рубль: сатып алу – 6,15 теңге, сату – 6,45 теңге.

– юань: сатып алу – 67,15 теңге, сату – 73,03 теңге.

Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 468,65 теңгеден сатып алынады, 471,19 теңгеден сатылады. Еуро 547,70 – 553,15 теңге, ал рубль 6,19 – 6,32 теңге аралығында саудаланады. Ал юань 68,40 теңгеден сатып алынады, 71,01 теңгеден сатылады.

Еске салайық, 12 мамыр күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 2,33 теңгеге өсіп, 463,91 теңге болды.