Биржада доллар бағамы 470 теңгеге түсті

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы арзандады.

Коллаж: Kazinform / Freepik

Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 3,87 теңгеге түсіп, 470,17 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы - 474,04 теңге.

Kurs.kz мәліметіне сәйкес, елорданың ақша айырбастау орындарында:

- доллар 467,04 теңгеден сатып алынады, 474,04 теңгеден сатылады;

- еуро: сатып алу - 544,06 теңге, сату - 554,06 теңге;

- рубль: сатып алу - 6,10 теңге, сату - 6,40 теңге.

- юань: сатып алу - 67,75 теңге, сату - 73,33 теңге.

Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 469,64 теңгеден сатып алынады, 471,87 теңгеден сатылады. Еуро 546,71 – 552,19 теңге, ал рубль 6,22 – 6,35 теңге аралығында саудаланады. Ал юань 68,30 теңгеден сатып алынады, 70,87 теңгеден сатылады.

Еске салайық, 14 мамыр күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 6,18 теңгеге өсіп, 474,04 теңге болды.