Биржада доллар бағамы 491 теңгеге түсті

Фото: freepik.com

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы арзандады.

Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 2,64 теңгеге арзандап, 491,88 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы — 494,75 теңге.

Kurs.kz мәліметіне сәйкес, Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 491,27 теңгеден сатып алынады, 493,68 теңгеден сатылады. Еуро 583,60 — 588,41 теңге, ал рубль 6,33 — 6,46 теңге аралығында саудаланады. Ал юань 71,35 теңгеден сатып алынады, 74,28 теңгеден сатылады.

Елорданың ақша айырбастау орындарында:

— доллар 490,00 теңгеден сатып алынады, 497,00 теңгеден сатылады;
— еуро: сатып алу — 582,00 теңге, сату — 592,00 теңге;
— рубль: сатып алу — 6,22 теңге, сату — 6,52 теңге.
— юань: сатып алу — 72,14 теңге, сату — 76,54 теңге.

Еске салайық, 9 ақпан күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 0,10 теңгеге қымбаттап, 494,75 теңге болды.