Биржада доллар бағамы біршама арзандады

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы арзандады.

Фото: Татьяна Корякина/ Kazinform

Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 2,38 теңгеге арзандап, 474,63 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы - 477,17 теңге.

Kurs.kz мәліметіне сәйкес, елорданың ақша айырбастау орындарында:

- доллар 469,00 теңгеден сатып алынады, 476,00 теңгеден сатылады;

- еуро: сатып алу - 534,00 теңге, сату - 544,00 теңге;

- рубль: сатып алу - 5,57 теңге, сату - 5,77 теңге.

- юань: сатып алу - 68,78 теңге, сату - 73,23 теңге.

Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 473,37 теңгеден сатып алынады, 475,58 теңгеден сатылады. Еуро 536,00 – 544,57 теңге, ал рубль 5,63 – 5,77 теңге аралығында саудаланады. Ал юань 68,66 теңгеден сатып алынады, 71,15 теңгеден сатылады.

Еске салайық, 29 шілде күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 0,18 теңгеге өсіп, 477,17 теңге болды.