Биржада доллар бағамы қайта қымбаттай бастады

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы қымбаттады.

Коллаж: Kazinform / Freepik

Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 0,86 теңгеге өсіп, 487,02 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы — 486,19 теңге.

Kurs.kz мәліметіне сәйкес, елорданың ақша айырбастау орындарында:

— доллар 483,00 теңгеден сатып алынады, 490,00 теңгеден сатылады;
— еуро: сатып алу — 553,00 теңге, сату — 563,00 теңге;
— рубль: сатып алу — 6,17 теңге, сату — 6,47 теңге.
— юань: сатып алу — 69,22 теңге, сату — 74,28 теңге.

Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 486,75 теңгеден сатып алынады, 488,53 теңгеден сатылады. Еуро 552,29 — 557,80 теңге, ал рубль 6,21 — 6,34 теңге аралығында саудаланады. Ал юань 71,64 теңгеден сатып алынады, 74,06 теңгеден сатылады.

Еске салайық, 23 маусым күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 0,8 теңгеге түсіп, 486,19 теңге болды.