Биржада доллар бағамы күрт өзгерді

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы қымбаттады.

Фото: Виктор Федюнин/ Kazinform

Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 7,54 теңгеге өсіп, 485,55 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы — 477,48 теңге.

Kurs.kz мәліметіне сәйкес, елорданың ақша айырбастау орындарында:

— доллар 479,70 теңгеден сатып алынады, 486,72 теңгеден сатылады;
— еуро: сатып алу — 556,75 теңге, сату — 571,12 теңге;
— рубль: сатып алу — 6,50 теңге, сату — 6,77 теңге.
— юань: сатып алу — 67,97 теңге, сату — 73,29 теңге.

Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 481,27 теңгеден сатып алынады, 485,08 теңгеден сатылады. Еуро 560,35 — 567,00 теңге, ал рубль 6,55 — 6,69 теңге аралығында саудаланады. Ал юань 69,05 теңгеден сатып алынады, 71,87 теңгеден сатылады.

Еске салайық, Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 18% деңгейінде сақтады.