Биржада доллар бағамы нығайып келеді

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы қымбаттады.

Фото: Kazinform/ЖИ

Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 0,83 теңгеге өсіп, 458,48 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы — 457,99 теңге.

Kurs.kz мәліметіне сәйкес, елорданың ақша айырбастау орындарында:

— доллар 455,01 теңгеден сатып алынады, 462,00 теңгеден сатылады;
— еуро: сатып алу — 526,00 теңге, сату — 536,01 теңге;
— рубль: сатып алу — 5,10 теңге, сату — 5,40 теңге.
— юань: сатып алу — 68,31 теңге, сату — 72,38 теңге.

Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 457,87 теңгеден сатып алынады, 459,92 теңгеден сатылады. Еуро 529,16 — 534,52 теңге, ал рубль 5,20 — 5,35 теңге аралығында саудаланады. Ал юань 68,43 теңгеден сатып алынады, 70,79 теңгеден сатылады.

Еске салайық, 24 тамыз күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 0,37 теңгеге өсіп, 457,99 теңге болды.