Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 1,16 теңгеге өсіп, 486,47 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы — 485,40 теңге.
Kurs.kz мәліметіне сәйкес, елорданың ақша айырбастау орындарында:
— доллар 483,00 теңгеден сатып алынады, 490,00 теңгеден сатылады;
— еуро: сатып алу — 550,00 теңге, сату — 560,00 теңге;
— рубль: сатып алу — 5,91 теңге, сату — 6,30 теңге.
— юань: сатып алу — 69,31 теңге, сату — 74,28 теңге.
Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 485,64 теңгеден сатып алынады, 487,68 теңгеден сатылады. Еуро 553,38 — 558,88 теңге, ал рубль 5,98 — 6,14 теңге аралығында саудаланады. Ал юань 71,75 теңгеден сатып алынады, 74,17 теңгеден сатылады.
Еске салайық, 25 маусым күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 1,49 теңгеге түсіп, 485,40 теңге болды.