Биржада доллар бағамы теңгеге шаққанда өсті

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Қазақстан қор биржасында (KASE) шетел валюталары нарығымен сауда-саттық қорытындыланды.

Коллаж: Kazinform / Freepik

Күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 448,44 теңге болды. Бұл алдыңғы сауда күніндегі көрсеткіштен 1,36 теңгеге жоғары. Ұлттық банктің 21 қыркүйекке белгілеген ресми бағамы — 446,56 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, Астанада айырбастау пункттерінде долларды орта есеппен 444,01 теңгеден сатып алуға, 451,01 теңгеден сатуға болады. Еуроның сату бағамы — 507,01 теңге, сатып алу бағамы — 517,01 теңге. Рубльді 4,95 теңгеден сатып алып, 5,15 теңгеден сатуға болады.

Алматыда долларды айырбастау пункттері орта есеппен 447,30 теңгеден сатып алып, 449,26 теңгеден сатып жатыр. Еуроның сату бағамы — 510,21 теңге, сатып алу бағамы — 515,29 теңге. Рубльді 5 теңгеден сатып алып, 5,12 теңгеден сатуға болады.

Шымкенттегі айырбастау пункттерінде долларды 447,81 теңгеден сатып алып, 449,83 теңгеден сатуға болады. Еуроның сату бағамы — 512,92 теңге, сатып алу бағамы — 517,04 теңге. Рубльдің сату бағамы 5,04 теңге, сатып алу бағамы 5,12 теңге болды.

Еске салайық, 18 қыркүйекте қор нарығында доллар бағамы сәл өскені хабарланды.