Биржада доллар бірден 3 теңгеге арзандады

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы арзандады.

Коллаж: Kazinform/ Canva

Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 3,82 теңгеге түсіп, 458,23 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы - 462,22 теңге.

Kurs.kz мәліметіне сәйкес, елорданың ақша айырбастау орындарында:

- доллар 457,00 теңгеден сатып алынады, 464,00 теңгеден сатылады;
- еуро: сатып алу - 530,00 теңге, сату - 540,00 теңге;
- рубль: сатып алу - 5,30 теңге, сату - 5,60 теңге.
- юань: сатып алу - 68,45 теңге, сату - 72,59 теңге.

Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 456,61 теңгеден сатып алынады, 458,97 теңгеден сатылады. Еуро 532,21 – 537,62 теңге, ал рубль 5,31 – 5,45 теңге аралығында саудаланады. Ал юань 68,28 теңгеден сатып алынады, 70,82 теңгеден сатылады.

Еске салайық, 19 тамыз күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 1,88 теңгеге өсіп, 462,22 теңге болды.