Биржада доллар екінші күн қатарынан арзандады

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы арзандады.

Коллаж: Kazinform / Freepik / Pixabay

Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 0,73 теңгеге түсіп, 469,59 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы — 470,28 теңге.

Kurs.kz мәліметіне сәйкес, елорданың ақша айырбастау орындарында:

— доллар 467,00 теңгеден сатып алынады, 474,00 теңгеден сатылады;
— еуро: сатып алу — 533,00 теңге, сату — 543,00 теңге;
— рубль: сатып алу — 5,48 теңге, сату — 5,78 теңге.
— юань: сатып алу — 69,00 теңге, сату — 73,69 теңге.

Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 469,01 теңгеден сатып алынады, 471,00 теңгеден сатылады. Еуро 535,62 — 540,60 теңге, ал рубль 5,65 — 5,78 теңге аралығында саудаланады. Ал юань 69,18 теңгеден сатып алынады, 71,66 теңгеден сатылады.

Еске салайық, 20 шілде долларының орташа бағамы 0,25 теңгеге арзандап, 470,28 теңге болды.