Биржада доллар нығайып келеді

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы қымбаттады.

Фото: Kazinform/ЖИ

Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 1,1 теңгеге өсіп, 457,09 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы - 455,63 теңге.

Kurs.kz мәліметіне сәйкес, елорданың ақша айырбастау орындарында:

- доллар 452,02 теңгеден сатып алынады, 459,02 теңгеден сатылады;
- еуро: сатып алу - 503,05 теңге, сату - 513,05 теңге;
- рубль: сатып алу - 5,45 теңге, сату - 5,65 теңге.
- юань: сатып алу - 68,05 теңге, сату - 71,81 теңге.

Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 454,86 теңгеден сатып алынады, 456,90 теңгеден сатылады. Еуро 504,70 – 508,60 теңге, ал 5,38 – 5,50 теңге аралығында саудаланады. Ал юань 67,81 теңгеден сатып алынады, 70,32 теңгеден сатылады.

Еске салайық, 27 қазан күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 3,52 теңгеге өсіп, 455,63 теңге болды.