Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 3,12 теңгеге түсіп, 458,45 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы — 462,31 теңге.
Kurs.kz мәліметіне сәйкес, елорданың ақша айырбастау орындарында:
— доллар 456,00 теңгеден сатып алынады, 463,00 теңгеден сатылады;
— еуро: сатып алу — 527,05 теңге, сату — 537,05 теңге;
— рубль: сатып алу — 5,10 теңге, сату — 5,30 теңге.
— юань: сатып алу — 68,48 теңге, сату — 72,41 теңге.
Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 458,36 теңгеден сатып алынады, 460,43 теңгеден сатылады. Еуро 530,91 — 536,15 теңге, ал рубль 5,19 — 5,32 теңге аралығында саудаланады. Ал юань 68,56 теңгеден сатып алынады, 70,90 теңгеден сатылады.
Еске салайық, 31 тамыз күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 2,23 теңгеге түсіп, 462,31 теңге болды.