Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 0,72 теңгеге түсіп, 479,26 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы — 480,72 теңге.
Kurs.kz мәліметіне сәйкес, елорданың ақша айырбастау орындарында:
— доллар 476,00 теңгеден сатып алынады, 483,00 теңгеден сатылады;
— еуро: сатып алу — 544,00 теңге, сату — 554,00 теңге;
— рубль: сатып алу — 5,75 теңге, сату — 6,05 теңге.
— юань: сатып алу — 69,13 теңге, сату — 74,00 теңге.
Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 479,92 теңгеден сатып алынады, 481,92 теңгеден сатылады. Еуро 545,20 — 550,40 теңге, ал рубль 5,87 — 6,02 теңге аралығында саудаланады. Ал юань 71,31 теңгеден сатып алынады, 73,61 теңгеден сатылады.
Еске салайық, 30 маусым күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 4,54 теңгеге түсіп, 480,72 теңге болды.