Биржада доллар үшінші күн қатарынан арзандады

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы арзандады.

Коллаж: Kazinform / Freepik / Pixabay

Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 2,16 теңгеге түсіп, 467,48 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы — 469,85 теңге.

Kurs.kz мәліметіне сәйкес, елорданың ақша айырбастау орындарында:

— доллар 465,05 теңгеден сатып алынады, 472,05 теңгеден сатылады;
— еуро: сатып алу — 534,05 теңге, сату — 544,05 теңге;
— рубль: сатып алу — 5,45 теңге, сату — 5,65 теңге.
— юань: сатып алу — 68,84 теңге, сату — 73,03 теңге.

Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 467,85 теңгеден сатып алынады, 469,89 теңгеден сатылады. Еуро 538,53 — 543,71 теңге, ал рубль 5,53 — 5,66 теңге аралығында саудаланады. Ал юань 68,65 теңгеден сатып алынады, 71,15 теңгеден сатылады.

Еске салайық, 5 тамыз күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 1,93 теңгеге түсіп, 469,85 теңге болды.