Біржан Нұрымбетов Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болды

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Біржан Нұрымбетов ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Біржан БидайбекұлыНұрымбетов Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғауминистрі болып тағайындалсын», - делінген Мемлекет басшысы Қасым-ЖомартТоқаевтың Жарлығында.

Біржан Бидайбекұлы НҰРЫМБЕТОВ 1968 жылы 19 наурызда туған.

Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін «Механикажәне қолданбалы математика» мамандығы бойынша және Алматы экономика жәнестатистика академиясын «Қаржы» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолы: 1993 – 1996 жылдар аралығында – Жамбыл қаласыбойынша салық инспекциясының салық инспекторы, бөлім бастығы;

1996 жылы – Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасарыныңкеңесшісі;

1997 жылы – Жамбылоблысы әкімі аппаратының сектор меңгерушісі;

1997 – 2008 жылдар аралығында – «Зейнетақы төлеу мемлекеттікорталығы» РМКК Жамбыл облысы бойынша филиалының директоры;

2008 – 2009 жылдар аралығында – ҚР Еңбек және халықтыәлеуметтік қорғау министрлігінің Бақылау және әлеуметтік қорғау комитетініңтөрағасы;

2009 – 2012 жылдар аралығында – ҚР Еңбек және халықтыәлеуметтік қорғау вице-министрі;

2012 – 2015 жылдар аралығында – ҚР Премьер-Министрі КеңсесіБасшысының орынбасары;

2015 – 01.2017 жылдар аралығында – ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік дамувице-министрі;

2017 – 12. 2017жылы – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтікқорғау вице-министрі;

2017 жылғы желтоқсаннан – ҚР Кәсіподақтар федерациясы төрағасының бірінші орынбасары қызметінатқарды.

Бұған дейін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев қызметінен босатылып, ҚРПремьер-Министрінің орынбасары лауазымына тағайындалғанынхабарлағанболатынбыз.