Біржан Нұрымбетов ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі болып тағайындалды
15:04, 01 Маусым 2015
            АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 1 маусымдағы № 394  қаулысымен Біржан Бидайбекұлы Нұрымбетов ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі болып тағайындалды, деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі. 
                Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 29 мамырдағы №22-ЖК бұйрығына сәйкес бұған дейін ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі қызметін атқарған Дәулет Рашидұлы Арғындықов «Жұмыспен қамту мәселесі жөніндегі ақпараттық-талдау орталығы» АҚ президенті болып тағайындалды.