«Жұмыспен қамту және халықтың табысын қамтамасыз ету мәселесі әрқашан да басымдыққа ие. Жұмыспен қамтуды қолдау жөніндегі мемлекеттік шаралар осы жылдың екінші және үшінші тоқсанында жұмыссыздық деңгейін 5 пайыз деңгейінде сақтап қалуға мүмкіндік берді. Жұмыссыз жүрген азаматтар жұмыспен қамту орталықтарына ресми түрде тіркелу белсенділігі жоғарылады», - деді министр.
Біржан Нұрымбетов пандемияның жағымсыз салдарын азайту мақсатында халықты жұмыспен қамту бойынша шаралар кешені қабылданғанын жеткізді.
«Осы жылы жұмыспен қамту шараларымен 1 млн 200 мың адам қамтылады. Ол шаралар «Еңбек» және «Жұмыспен қамту» жол картасы, сондай-ақ басқа да мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде ұсынылған. Бүгінгі күні 934 мың адам жұмыспен қамту шараларына тартылды. Оның 411 мыңы тұрақты жұмысқа тұрды», - деді Біржан Нұрымбетов.