Маусымның басты жекпе-жегінде 49 салмаққа дейінгі салмақ дәрежесінде қазақстандық боксшы Қытай бокс мектебі жұлдыздарының бірі - Лю Бинмен айқасты. Жақыпов 113:115, 111:117, 111:117 есебімен ұтылды.
Еске сала кетейік, AIBA Pro Boxing Олимпиадаға іріктеу жарысы Қазақстанға Олимпиадаға қатысудың екі лицензиясын әкелді. Ұйымның чемпионы ретінде квотаны Берік Әбдірахманов (60 келіге дейін) алса, екінші жолдама Біржан Жақыповқа (49 келіге дейін) бұйырды.