Біржан Жақыпов бокстан әлем чемпионатының жартылай финалына жолдама алды

АСТАНА. 23 қазан. ҚазАқпарат - Қазақстандықтар арасында Біржан Жақыпов (49 келі) бірінші болып әлем чемпионатында өзінің ширек финалдық жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Sports.kz.

Пуэрто-Рикодан шыққан Энтони Чакон Риверамен жекпе-жекте Қазақстан боксшысы 3:0 есебімен сенімді жеңіске жетті.

Кейін рингке тағы сегіз қазақстандық боксшы шықпақ.