49 келі салмаққа дейін жұдырықтасқан 32 жастағы Біржан Жақыпов Олимпиада ойындарына үш рет қатысқан (2008, 2012 және 2016) және әрдайым жартылай финалға дейін ғана барды. Оның жетістіктері: 2013 жылы әлем чемпионы, 2005 жылғы әлем біріншілігінде қола жүлдегер, 2010 және 2014 жылдардағы Азия чемпионатында күміс жүлделер, Қазақстан чемпионатының бірнеше жүлдесі.
Айта кетейік, таяуда ғана әлем чемпионы Шымкент қалалық бокс мектебі директорының орынбасары қызметіне тағайындалған еді.
Әлия Бостан