Біржан Жақыповпен алаңда кездескенде арамызда соғыс болады - филиппиндық Марк Энтони Баррига
Бұл туралы Астана қалалық туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметінен хабарлайды.
«Біржанмен 2-3 рет азиялық квалификациялық жарыстағы спаррингтерде жұмыс істегенбіз. Бұл тамаша спарринг-сессиясы болды. Қазір біз сондай-ақ оның айқастарының жазбаларын зерттеудеміз. Бұл оңай айқас болмайды. Ол жақсы әрі мықты спортшы. Біржан менің Италия спортшысымен айқасар алдында амандасып, сәттілік тіледі. Ол менің оны жеңе алатынымды айтты, өз кезегімде мен «сен де оны жеңе алар едің», деп жауап бердім».
Біржан туралы жақсы сөздерге қарамастан, Баррига «біз алаңда кездескенде арамызда соғыс болады. Ол маған мейірімді болды, бірақ айқасымыздың барысында жеңіске қол жеткізу үшін қолдан келетінімнің бәрін жасаймын» деді.
Өз еліндегі әуесқойлық бокс жағдайына алаңдайтын Мэнни Пакьяо өз отандасының бірінші айқасына қанағаттанбады, деп хабарлайды World Boxing News. Мэнни егер Баррига медальды иелене алмаса, ол 2016 жылдағы Рио-де-Жанейродағы ойындар алдында жас боксшыларды өз бетімен жаттықтыратынын мәлімдеді.
Жақыпов-Баррига жұбының жеңімпазы жартылай финалда қытайлық Зоу Шимин мен кубалық Йосвани Вейтиа арасындағы кездесудің жеңімпазымен жұдырықтасатын болады.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін Астана уақыты бойынша сағат 18:30-да басталатын күндізгі сессияның екінші жұбында шығатын Біржан Жақыпов (49 келі) филиппиндық боксшы Марк Барригамен кездеседі. Боксшылардың екеуі де Лондонда өздерінің бірінші жеңістеріне қол жеткізді. Біржан француз Джереми Бекуні 18:17 есебімен жеңсе, Баррига итальяндық Каппаимен болған айқаста 17:7 есебімен алға шықты.