АСТАНА. ҚазАқпарат - Жақында бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының спортшысы 49 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін Біржан Жақыпов өзінің 32 жасқа толған мерейлі туған күнін Алматы облысындағы оқу-жаттығу лагерінде атап өтті.
Онда Біржан мен бірге жаттығатын ұлттық құрамадағы барлық боксшылар жиналып, әріптесінің туған күнін ерекше атап өтті.
75 келіде өнер көрсететін Жәнібек Әлімханұлы қолына гитара алып, «Алға, қазақ жігіттері!» деген әнді өзінің орындауында туған күн иесіне тарту етті. Ал достары Жәнібекке ілесіп бірге орындады.
Осылайша, біздің ұлттық құрама боксшылары өнерден де құралақан еместігін көрсете білді.
Осы орайда айта кетейік, Біржан - осы Рио олимпиадасына баратын 10 боксшының ішіндегі салмағы ең жеңіл спортшы болғаны мен жас ерекшелігі жағынан ең үлкені. Ол биыл осымен үшінші рет Олимпиадаға бара жатыр.
Күнсұлтан Отарбай
Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Республикалық «Қазақ спорты», «Sport» газеттерінде қызмет атқарған.
2014 жылғы Сочи, 2016 жылғы Рио-Де Жанейро, 2017 жылғы Инчхон және 2024 жылғы Париж Олимпиадасында, сонымен қатар бір қанша Қысқы және Жазғы Азия ойындарынан, әлем біріншіліктеріне барып тікелей хабар таратқан журналист.
Сейдақмет Бердіқұлов атындағы арнайы сыйлықтың лауреаты.