«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтері жыл басынан бері зейнетақы жинақтарын алу қарқынының төмендеуі аясында 52 млрд теңгеге немесе 0,4%-ға ұлғайып, тамыздың соңында 12,9 трлн теңгені құрады. Мысалы, қаражатты ай сайынғы алу көлемі ақпан айындағы 643 млрд теңгеден тамыз айында 118 млрд теңгеге дейін немесе 5,5 есе баяулады», - деген Ұлттық банк төрағасы салымшылардың зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын алу сомасы 1,8 трлн теңгеге жеткенін атады.
Яғни, 449,3 мың өтініш қанағаттандырылған. Оның ішінде тұрғын үй мәселелерін шешуге 1 765 млрд теңге жұмсалған.
Жалпы 8 айдың қорытындысы бойынша елдегі 5,8% инфляция болса, зейнетақы жинағының кіріс деңгейі 7,6% болған.