Бишімбаев: 2017 жылы ЖІӨ-нің нақты өсуі 1,9 пайыз деңгейінде болады
«ЖІӨ-нің нақты өсуі 2017 жылы 1,9%, 2021 жылға қарай 3,1% дейін өсуі болжануда. Номиналды жалпы ішкі өнім 2017 жылғы 48,4 трлн. теңгеден 2021 жылы 63,6 трлн. теңгеге дейін өседі. Халықтың жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнім 2017 жылғы 7,5 мың АҚШ долларынан 2021 жылы 10,0 мың АҚШ долларына дейін ұлғаяды»,-деді министр.
2017- 2021 жылдардың Әлеуметтік-экономикалық даму болжамы мен 2017-2019 жылдарға арналған республикалық бюджет параметрлері базалық сценарий негізінде қалыптастырылды. Осы сценарий бойынша 2017 - 2019 жылдары мұнай бағасы барреліне 35 АҚШ доллары шамасында және одан әрі 2021 жылы барреліне 45 АҚШ долларына дейін өсуі консервативті деңгейде алынды. Металдардың бағалары 2016 жылға қарағанда 2021 жылы 11%-ға дейін өсуді көрсетеді. Мұнай өндіру көлемі 2017 жылы 79,5 млн. тоннаны құрап, 2021 жылға қарай 86,5 млн. тоннаға дейін өседі деп күтілуде.
Өнеркәсіп орташа 2,1%-ға өседі, оның ішінде өңдеу өнеркәсібі 2,1%-ды, тау кен өнеркәсібі 2,2%-ды құрайды. Ауыл шаруашылығындағы жалпы өнім көлемінің жылдық орташа өсімі 3,0% деңгейінде, құрылыс саласында 3,6% деңгейінде болжанады.