Бишімбаев пен Ермегияевтің жазасы жеңілдей ме

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда жүздеген қылмыстар бойынша жаза жеңілдейді. Аталған нормативтік-құқықтық өзгерістер осы айдың аяғында күшіне енеді, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бас прокурордың орынбасары Марат Аxметжановтың айтуынша, экономикалық қылмыстар бойынша ірі және аса ірі көлемдегі шығынның мөлшері екі есеге артады. Осыған байланысты 2,5 мың сотталған адамның жазасы қысқарады. Олар мүлікті талан-таражға салу мен алаяқтық үшін түрмеге қамалған болатын. Алайда аса ауыр қылмысты ұйымдасқан топтың құрамында жасағандардың жазасы сол күйінде қалады.

«Мәселен, Бишімбаев пен Ермегияевке қатысты «ұйымдасқан қылмыстық топтың құрамында заңсыз әрекеттерді жасады» деген заңды үкім болса, олардың жазасы қайта қаралмайды. Негізі, амнистияға да, шартты түрде босатуға да жатпайын санаттар болады. Бұрын қылмыстық топтың құрамында болған адам бәрін мойындап, өз сыбайластарын көрсетсе, оған қатысты процессуалды келісім қолданылатын. Сөйтіп, оны босатып жіберетін еді. Енді, ондай болмайды. Ол адам қылмыстық топтың құрамында заңсыз әрекет жасаса, бәрімен бірге аяғына дейін сотталатын болады», - деді М.Аxметжанов Астанада өткен баспасөз мәслиxатында.

Айта кетейік, қылмыстық саясатты ізгілендіру аясында Қылмыстық кодекске 262 өзгеріс, Қылмыстық-процессуалдық кодекстің - 45, сондай-ақ, Қылмыстық-атқару кодексіне 9 өзгеріс енгізілді. Атап айтқанда, адам өліміне қатысы жоқ 247 қылмыс бойынша алғаш рет қоғамдық жұмыстар баламалы жаза ретінде қолданылатын болады. Бұдан бөлек, айыппұлдың ең төменгі мөлшері 500 АЕК-тен 200 АЕК-ке дейін (1,2 млн теңгеден 481 мың теңгеге) азайтылады. Енді, оны үш айда емес, алты айда төлеуге болады.

«Осының арқасында мыңдаған адам сотқа жүгініп, айыппұлдың мөлшерін азайтып қана қоймай, оны төлеу мерзімін ұзарта алады», - деді М.Аxметжанов.

Ал экономикалық қылмыстық бойынша ірі және аса ірі көлемдегі шығынның мөлшері екі есеге артады. Осыған байланысты 2,5 мың сотталған адамның жазасы қысқарады. Олар мүлікті талан-таражға салу мен алаяқтық үшін түрмеге қамалған болатын.

Бұдан бөлек, 12 ауыр қылмыс бойынша судьялар бас бостандығын шектеу жазасын қолдана алады. Аталған қылмыстарға әскери, экономикалық, лауазымдық және мүлікке қатысты заң бұзушылықтар кіреді. Есесіне айыппұлдардың көлемі артады. Ал 2 жылға дейін және алғаш рет сотталғандар қауіпсіздік деңгейі төмен мекемелерге ауыстырылады. «Жалпы, гуманизация шараларымен 5 мың адам қамтылады. Бірақ оларды бір уақытта босатпайды. Соттар өтінімдерді қарауы қажет. Өз шешімін шығаруы тиіс. Айыппұл сала ма, басқа мекемеге ауыстыра ма, осының бәріне біраз уақыт кетеді. Осы орайда маңызды бір мәселені атап өткен жөн, адам өлтірген, зорлық жасаған, экстремизм мен терроризмге барған, қарақшылық пен ұрлақ жасаған адамдарды ешкім босатпайды», - дейді М.Аxметжанов.