деп хабарлайды АКИpress.
Дерек көздерінің хабарлауынша, жол-көлік оқиғасы 15 тамызда түнгі сағат 1:45 шамасында Шу облысы Тоқмақ қаласы маңында Бішкек-Торугарт айналма тасжолының 60-шы шақырымында болған.
Омурқұлов Азамат Исаұлы (1982 ж.т.) басқарған «Ленд Крузер» көлігі Ыстықкөлден Бішкекке бағыт алған.
Алдын ала мәліметтер бойынша, жоғарғы жылдамдықпен келе жатқан жол талғамайтын көлік қарсы бағытқа шығып кетіп, «Ауди-80» автокөлігімен соқтығысқан.
ЖКО нәтижесінде «Ауди» көлігінде отырған үш адам қаза болды. «Ленд Крузер» жанып кетті. Оның ішінде апат барысында жеңіл жарақат алған екі қыз бен бір жігіт болған.