«1978 жылғы Қазақстан азаматшасы Ж.О. түскен кезде жабық сүйек-ми зақымы, ми шайқалуы мен маңдай жарақаты деген диагнозы анықталды. Қазіргі таңда зардап шегуші жасн сақтаудан емдеу бөліміне ауыстырылды, өзін жақсы сезінуде. Жағдайы қалыпты, жазылып келеді. Барлық зардап шегушілер қажетті ем-дом алуда», - деді ол. Зардап шегушілердің емдеу шығындарын «Алканов» базарының әкімшілігі өз мойнына алған.
Еске сала кетейік, 29 қараша күні «Алканов» базарында («Дордой» базарының бір бөлігі) қардың салмағынан базар шатыры опырылып, салдарынан 5 адам зардап шеккен. Қазақстанның Қырғызстандағы елшілігінің мәлімдеуінше, зардап шегушілер арасында Жамбыл облысы, Қордай ауылында тұратын 1978 жылы туылған ҚР азаматшасы болған.