Бішкек: «Дордой» базарында шатыр құлап, қазақстандықтар зардап шекті

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Дордой» базарында шатыр құлау салдарынан бес адам зардап шекті. Қырғызстан денсаулық сақтау министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, олардың ішінде қазақстандықтар да бар. Жедел жәрдеммен олар Бішкек травмотология және ортопедия ғылыми-зерттеу орталығына жеткізілді.

«Оларға барлық қажетті медициналық көмек көрсетілуде», - деп хабарлады ведомствоға сілтемемен kabar.kg.

Зардап шеккендер:

- Ж.О. 1978 жылы туған, Қазақстан азаматы. Диагноз:   Жабық ми жарақаты, ми шайқалу, маңдайы жараланған.

- Т.Н. 1956 жылы туған, Қазақстан азаматы. Диагноз: жабық ми жарақаты, миы шайқалған, сол иығы сынған (жабық).

- Я.Ф. 1976 жылы туған. Диагноз: беліндегі жұмсақ тіндер зақымданған.   

- В.З. 1954 жылы туған. Диагноз: сол жақ қабырғасы сынған,  табан сүйегі сынған.