Атап өтілгендей, Бішкек маңында 2016 жылғы 29 тамызда Қырғыз Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары лаңкестікке қарсы шаралар барысында 1977 жылы туылған, халықаралық террористік ұйымының жасырын ұясы мүшесін анықтады.
Арнайы операция барысында ол ҚР ҰҚМК қызметкерлеріне белсенді қарулы қарсылық көрсетті. Атыс барысында оның көзі жойылды.
Лаңкесті тінту барысында одан «Сайга» карабині, қолдан жасалған жарылғыш құрылғы, көптеген оқ-дәрілер табылып, тәркіленді.
ҚР ҰҚМК органдары қылмыстық іс қозғады. Тиісті тергеу-жедел шаралары жүргізілуде.