10:01, 27 Сәуір 2009
Бішкек: қырғыздар күрдтермен төбелесті
БІШКЕК. Сәуірдің 27-сі. ҚазАқпарат - Қырғызстанда, Бішкектен 60 шақырымдай жерде орналасқан Беловодское ауылында жергілікті тұрғындар мен күрд диаспорасының өкілдері арасында төбелес болды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат РБК агенттігіне сілтеме жасап. Куәгерлердің айтуынша, қақтығыстың салдарынан он шақты автокөлік өртеліп, үйлердің терезелері қирады. Зардап шеккендердің саны бойынша әзірге мәлімет жоқ. Республиканың Ішкі істер министрлігі төбелестің болғандығын растап отыр. «Істің мән-жайы қазір тексеріліп жатыр», деп хабарлады ведомстводан.