Бішкек маңында 9 тоннаға жуық марихуана өсірген

Фото: None
БІШКЕК. Кабар-ҚазАқпарат – Қырғызстанның Сокулук ауданында есірткімен айналысты деген күдікпен ер адам ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Кабар агенттігіне сілтеме жасап.

Шуоблысының ішкі істер бас басқармасының мәлімдеуінше, 2019 жылғы 17 шілдедеҚырғыз Республикасы ІІМ Шу облысы бойынша Есірткінің заңсыз айналымына қарсыкүрес қызметі Сокулук ауданындағы қызметкерлермен бірлесіп «Бішкек-Манас» күрежолында жедел шаралар жүргізген. Рейд барысында тоқтатылған 1961 жылы туған ерадамнан 680 грамм жабайы сора табылған.

КүдіктініңДостық ауылындағы үйін тінту барысында жалпы салмағы 23 кг 800 грамм есірткітабылады.

Тергеубарысында күдікті Дача-Суу ауылындағы үйінің айналасын тұтас егістік алқабына айналдырып,марихуана өсіргені анықталған. Сол жерден 8 тонна 900 килограмм марихуананыорылып, тәркіленген.

Қазірсотқа дейінгі тергеп-тексеру жүріп жатыр.

Соңғы жаңалықтар