Бұл туралы оқиға орнына келген ҚР бірінші вице-премьер-министрі Мухамметкалый Абулгазие хабарлады.
ҚР ТЖМ деректеріне сәйкес түрік авиа желісіне тиесілі ұшақ Гонконгтен Түркияға бет алған. Авиалайнер ұшу жолағына 500 метрдей жетпей, «Манас» әуежайына жақын жерге құлаған.
Еске салсақ, 16 қаңтарда Қырғызстанның Шу облысы Сокулук ауданы Дача-Суу ауылында, әуежайға жақын жерде сағат таңғы 7.31-де Гонконгтен Түркияға бет алған жүк ұшағы құлады. Авиалайнер «Манас» әуежайынан май құюды жоспарлаған. Алайда ауа райының қолайсыздығы салдарынан ол апатқа ұшырады. Сағат 9.00-де 15 жергілікті тұрғынның қаза тапқаны белгілі болды, оның 6-ауы бала.