Соңғы деректерге сәйкес, қаза болғандар саны 32-ге жетті, 15-ке жуық үй қирады. Жүк ұшағындағы өрт ауыздықталды. «Манас» әуежайының жұмысы тоқтатылды. Оқиға болған аймаққа апаратын жолдың барлығы жабылды.
12 адам зардап шекті. Оның ішінде бес бала бар, олар Бішкек травмотология, ортопедия орталығына, Бішкек жедел медициналық жәрдем қалалық балалар клиникалық ауруханасына жеткізілді.
Еске салсақ, 16 қаңтарда сағат таңғы 7.31-де Бішкектің Дача-Суу ауылында әуежайға жақын жерде Гонконгтен Түркияға бет алған жүк ұшағы құлады. Авиалайнер «Манас» әуежайынан май құюды жоспарлаған. Алайда ауа райынының қолайсыздығы салдарынан ол апатқа ұшырады.
11:53, 16 Қаңтар 2017
Бішкек маңындағы ұшақ құлаған жерге Қырғызстан премьер-министрі келді
БІШКЕК. ҚазАқпарат - «Манас» әуежайы маңына жүк ұшағы құлаған орынға Қырғызстан премьер-министрі Сооронбай Жээнбеков келді, деп хабарлады Бішкектен «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісі.