деп хабарлайды ҚР ҰҚК баспасөз қызметі.
Есірткі тасымалдаушыны 26 наурыз күні ҰҚК шекара қызметінің «Солтүстік» аймақтық басқармасының «Ауыл теміржол» шекаралық бақылау бөлімінің шекарашылары ұстады.
Есірткі салынған жасырын қалта жолаушының жеміс-жидектер салынған жеке сөмкесінен табылды. Тәркіленген героиннің салмағы 1 келі 600 грамды құрады. Қазіргі күні аталмыш факті бойынша анықтау жұмыстары жүргізілуде.
Баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2011 жылдың басынан бері қазақстандық шекарашылар жалпы салмағы 65 келі болатын есірткі тасымалдаудың 25 оқиғасына тоқсауыл болды.